Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы

05.11.2021

2021 жылдың 29 қазанында студент-қыздардың дәрігер акушер-гинеколог М.А.Бромотпен «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты: студенттерді сауатты және жүйеленген ақпаратпен қамтамасыз ету, жыныстық жетілу кезеңінен дұрыс өтуге мүмкіндік береді, сонымен қатар салауатты өмір салтына, отбасын жоспарлауға және жауапкершілікке оң көзқарасты қалыптастыру, ата-аналық жауапкершілік. Қыздарды ерте жыныстық қатынастың салдарымен таныстырды.

Кездесу барысында дәрігер жас өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық дамуы туралы айтты. Дәрігер жасөспірімдерге гигиеналық және жыныстық тәрбие негіздерін сақтауды өтінді.

Бұл шараның жастарды адамгершілік және жыныстық тәрбиелеуде маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная